#qyzylordatv
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға қол қойды. Жаңа редакциядағы құжаттың басты бағыты – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіте отырып, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделін жаңғыртуды көздейді. Аталмыш заң нормасының маңызы турасында облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев хабарлады.
Жаңа заң 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген. Онда мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мен кадрлық процестерді цифрландыруға маңыз беріліп отыр. Бір сөзбен, мемлекеттік қызметшілерге талап та, кәсіби бағдар да күшейеді. Тиісінше, оларды ынталандыру тетіктері де назардан тыс қалмайды. Мәселен, демалыс және мереке күндердегі жұмыс үшін мемлекеттік қызметшіге күндік тарифтік мөлшерлеме негізінде кемінде бір жарым есе жоғары еңбекақы төлеу нақты белгіленіп отыр. Ал, еңбек өтілі 25 жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілерге зейнетке шыққан кезде төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде бір реттік төлем жасау да қарастырылған.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Заңда білікті әрі талантты мамандар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған шаралар айқындалған. Атап айтқанда заңда бір лауазым шеңберінде көлденең мансаптық өсу тетігін енгізу көзделген. Бұл «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілеріне лауазымдық қызметті белгілеуді қарастырады және олардың өзін өзі дамыту мен кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған