#qyzylordatv
Сырдария ауданында газдандыру, жол жөндеу және өндіріс салаларын дамыту жұмыстары қарқынды. Журналистерге арналған баспасөз туры барысында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Ақжармалықтардың көгілдір отын игілігін көретін күн алыс емес. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Жоба аясында елді мекенге ондаған шақырым газ құбыры тартылып, тұрғын үйлерге газ шығару желілері жүргізілген.
РОЛЛАН ЕСПЕНБЕТОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 1658
Бүгінгі таңда ауданға қарасты бір кент және 13 елді-мекен бар. Оның ішінде аудан орталығы және 5 елді-мекен табиғи газбен қамтылған. Бұл өз кезегінде аудан бойынша газдандыру бойынша көрсеткіш 42% құрайды. 2026 жылы Ақжарма ауылын газдандыру жобасы бойынша толық іске асырылған жағдайда бұл көрсеткіш 50% жететін болады. Жалпы құны – 1 млрд 875 теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жобасы 2025-26 жылдары арналған республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаражаты толығымен бөлінген. Жоба аясында жалпы ұзындығы 53,6 шақырым болатын газ құбыры тартылды. Оның ішінде жоғары қысым газ құбыры 17,9 шақырым, орташа қысым газ құбыры 2 шақырым, ал төменгі қысым газ құбыры 33,7 шақырым құрайды.
Бүгінде «Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолы бойындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.
МЕЙІРХАН БАҚЫТЖАНҰЛЫ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы тұсындағы Қызылорда-Жалағаш облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 км орналасқан автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көпірдің 90 % жұмыстары бітіп тұр. Енді қалған жұмыстары бетіне монолит құйып, асфальт жамылғысын салу. Көпірдің ұзындығы 30 метр. Бүгінгі таңда қаржының 50 % игерілген 312 млн. Қолданысқа маусым айының аяғында береміз.
Тереңөзек кентінде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды. Бірқатар жол тегістеліп, қиыршық тас төселіп жатыр.
РОЛЛАН ЕСПЕНБЕТОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
2026 жылы Тереңөзек кентінде жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жоба құны – 376 млн теңгені құрайтын 9 көше күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөндеуден өтетін жолдың ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары аяқтау мерзімі 3 ай.Қазіргі таңда жолдарды тегістеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жол жамылғысын жаңарту, жол табанын нығайту және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз көлік қозғалысымен қамтамасыз ету көзделген.
Ауданда кәсіпкерлік саласы өрістеп келеді. Пресс-тур барысында нан және нан өнімдерін өндіретін цехта болдық. Кәсіпорын бүгінде тұрғындарды сапалы өніммен қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашып отыр.
АЛМАТ СӘДУАҚАСОВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
2026 жылдың осы кезеңіне 1,1 млрд теңгені құрайтын 42 жоба қаржыландыруда. Одан бөлек кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын қамтамасыз ету, салықтық түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп келеді. Бұрындары өңдеу өнеркәсібіне онша көңіл бөлінбей мал шаруашылығына бағытталатын болса , қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер осы өндіріске қарай бейімделіп жатыр. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Өз тарапымыздан барлық кәсіпкерлерді қолдауға дайынбыз.
ЗИНА ҮСЕМБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Мен осы Қызылорда өңірлік ивестициялық орталығынан 6 пайыздық жеңілдікпенен 35 млн несие алғанмын. Сол несиенің арқасында шағын наубайханамды 25 желтоқсан 2025 жылы іске қосып бастадым. Қазір өзіммен қосқанда 5 адамды жұмыспен қамтамасыз етудемін. Алдағы уақытта біз енді бұнымен шектеліп қалмаймыз, әлде де кеңейтеміз деген үміттеміз.
Ал мынау Қалжан ахун ауылындағы құрылыс материалдарын шығаратын цех. Мұнда түрлі қоршау материалдары мен құм блоктары дайындалады. Өндіріс орны жергілікті нарықты қамтып қана қоймай, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға да үлес қосып отыр.
ТАЛҒАТ ӘМЗЕЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
2023 жылы Ауыл аманаты бағдарламасымен 7 млн 200 мың теңг аясында несие алдық ,евро бетон шығаруға 4 баланы жұмыспен қамтып отырмын. Пискоблок, рванный блок сосын колонналар бар шляпасы бар. Қармақшы,Қазалыдан да келіп алып кетіп жатыр. Күніне 900 шығарамыз.
Аталған жобалар Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр.