#qyzylordatv

Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында «Қайсар» өз алаңында Семейдің «Елімай» командасын қабылдады. Нәтижесінде қызылордалық аяқдопшылар қонақтарға есе жіберді.

 Матчтың 4 минутында «Елімай» командасының шабуылшысы Роман Мұртазаев есеп ашты. Араға жеті минут салып, қайсарлықтар қайсар мінез танытып, есепті теңестірді. Гол авторы – Никола Цуцкич. Ойынның екінші таймында семейліктер ұтымды шабуыл ұйымдастырып, есепті еселеді. Шабуылшы Фессу Плакка 69 минутта гол соғып, командасын алға шығарды. Ал, ойынның 76-шы минутында елімайлық Айбар Жақсылықов пенальтиден гол салып, есепті 3:1 ге жеткізді. Намысқа тырысқан қайсарлықтар ойынның соңғы минуттарында допқа көбірек иелік етті. Нәтижесінде кездесудің қосымша уақытында Имо Эзикель гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп – 2:3. Осылайша қасқырлар өз алаңында семейліктерге есе жіберді.