#qyzylordatv
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «1 маусым- Халықаралық балалар күніне» орай «Бала қауіпсіздігі басты назарда» атты іс-шара өткізді. Мақсат - балаларға қауіпсіздік ережелерін қызықты әрі есте қаларлықтай етіп үйрету.
Департамент қызметкерлері алдымен «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдай кезінде не істеу керек? Қандай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн деген сауалдарға жауап берді. Мұнан соң құтқару жұмыстарына жұмылдырылатын арнайы техникаларды таныстырды.
Шара барысында балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Аниматорлар қызықты конкурстар өткізіп, жеңімпаздарға тәтті сусындар үлестірді. «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушілері қауіпсіздік шараларын сақтауды үйреніп қана қойған жоқ, ерекше қамқорлықты сезініп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.