#qyzylordatv
Өңірімізде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде аймақта жаңа спорт кешені, емханалар мен көпсалалы аурухана құрылысы қарқын алған. Баспасөз-турынан оралған тілшіміздің бейнематериалында толығырақ.
«Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені – өңірдегі ірі спорт нысандарының бірі. Жоба аясында олимпиадалық стандартқа сай бассейн, футбол және баскетбол алаңдары, күрес, бокс және гимнастика залдары қарастырылған. Қазіргі таңда нысанда негізгі құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын.
ҚАЙРАТ МАМЕТЫРЗАЕВ, КӨПБЕЙІНДІ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
Қазіргі таңда спорт комплекстың 70 пайыздан жуық жұмысы бітіп жатыр. Монолит жұмыстары 90 процент, отдел ішінің жұмыстары су құбырлары слабочаток, электромонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы спорт кешенді 2026 жылдың желтоқсан,қараша айларына жоспарланған және де үлгеріп келеміз.
Бұдан кейін 400 келушіге арналған жаңа емхананың құрылыс жұмыстары таныстырылды. Төрт қабатты ғимаратта бетондау, қабырға қалау және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары қатар атқарылуда. Жоба толық аяқталған соң тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі артады.
ШУХРАТ МУХТАРОВ, «OTAU-GROUP» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ
Жалпы ғимараттың құны – 9,7 млрд теңге бұл мемлекеттік бюджет тарапынан қарастырылған қаржы. Жалпы жұмықа жұмылдырылыған жергілікті жұмысшылар қамтамасыз етілді 75 жұмысшы және 9 техника жұмылдырылған. Бұл өте үлкен ғимарат және де бұл жерде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Бұл жобамызды жылдың соңына дейін аяқтап 5 емхананың теңгеріміне өткізу жоспарлануда. Алдағы жоспар - құрылыс жұмыстарын тоқтаусыз жүргізу, өндіріс кестеден қалыс қалмау жұмысты ары қарай жалғастыру.
Қаладағы тағы бір маңызды жобаның бірі – 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысы. Жоба аясында тәулігіне 100 адам қабылдайтын емхана блогы да қарастырылған. Қазіргі таңда нысанда сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
АЯН АБДРАСИЛОВ, ӨНДІРІС ТЕХНИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Сол жақ жағалаудағы соғылып жатқан больница 300 орынды көпсалалы жатын орны бар және де 100 күніне қабылдауы бар емханамыздың құрылысы 2024-тің сәуірінде басталды темір бетон жұмыстарымен толық аяқталды.Сыртқы-ішкі жұмыстар жүргізілуде. 2026-ның тамыз айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 750 мамандарымыз жұмыс істеп жатыр күндізгі және түнгі сменде.
Жалпы, өңірде жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып, денсаулық сақтау мен спорт саласының әлеуетін күшейтуге бағытталған.