Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ал Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова енді Денсаулық сақтау министрі лауазымын атқарады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалса, Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Ал Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі