Наурыз айында еліміздің барлық аймағында алғаш рет өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Жобаның мақсаты - жас мемлекеттік басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және әр өңірдегі талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту.
Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу бес кезеңнен тұрады. Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сондай-ақ, іріктеуден өткен талапкерлер бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға құқылы. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Наурыз аралығында құжаттарды қабылдау жүргізілсе, екінші кезеңде заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу қабылданады. Үшінші кезең, 22 сәуір мен 7 маусым аралығында «Құзыреттерді бағалау» басталса, төртінше кезеңде комиссиядағы құрылымдық сұхбат жүргізіледі. Ал бесінші кезеңде комиссияның отырысы өтеді. Жобаға іріктеуді кадр комиссиясы жүзеге асырады. Сондай-ақ, өңірлік резервте болу мерзімі – 2 жыл//