1 наурыздан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ 12 облыста жергілікті уақыт бір сағат артқа шегеріледі. Осылайша еліміздің барлық территориясы бірдей сағаттық белдеуде орналасады.
Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығында пікірталас өткізілді.Сарапшылардың пікірінше бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу өңірлер арасындағы уақытша кедергілерді жояды. Сонымен қатар, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартады. Бизнесті жүргізуге де оң әсерін тигізеді әрі экономиканың дамуына және мемлекеттік органдардың, төтенше жағдайлар қызметтерінің өзара іс-қимылына оңтайлы ықпал етеді.
БОЛАТ НҰРХОЖАЕВ - ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ
Енді қазір әлеуметтік желіде түрлі пікірлер болып жатыр. Бірақ біз бір нәрсені түсінуіміз керек. Астана, Алматы және шығыстағы барлық облыстар өзінің белдеулі уақытына көшіп жатыр. Яғни, кейбіреулер жазып жатыр Батыстың уақытына көшіп жатыр деп, ол олай емес. Біз онсызда бір сағат озық Астана уақытымен Астана уақытымен өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан,олар өзінің белдеулі уақытына көшеді де,еліміз бойынша белдеулі сағат қабылданады