#qyzylordatv
27-29 мамыр күндері күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі. Берекелі айда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен әр өңірде қайырымдылық шаралары, спорттық және өзге де игі істерді атқару жоспарланған. Сонымен қатар тұрғындар құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады. Ол үшін qurban.muftyat.kz сайты арқылы өтініш беруге болады. Сондай-ақ мұқтаж жандар да осы сайтта құрбандық етіне өтініш қалдыра алады. Облыстың бас имамы құрбандық шалудың мәніне тоқталды.