Бүгін облыс әкімі кезектілік тәртібімен алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініш тілегін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың дені тұрғын үй алу, денсаулық жағдайына байланысты мәселе көтерді.

Мәселен қала тұрғыны Гуля Қизатова Кеңес одағының батыры Жәлел Қизатов тұрған көпқабатты үйдің шатыры ескірген, соны жөндеп берсеңіз деген өтінішін жеткізді. Нұрлыбек Нәлібаев қала әкіміне бұл мәселені кәсіпкерлердің демеушілігімен шешіп беруді тапсырды. Ал, Жақсыгүл Төлегенова парадзюдодан Әлем чемпионатының жеңімпазы Олжас Оразалыұлына берілген қызметтік үйді жекешелендіріп беруді сұрады. Облыс әкімі бұл баспана арендалық болғандықтан жекеге берілмейді. Егер Олжас Парижде өтетін Паралимпиада ойындарынан жеңіспен оралса өз атынан үй алып беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, қосымша жұмыс істеп, табыс табу үшін компьютер сұраған бірінші топ мүгедегі Айберген Жаңабайұлының да өтініші орындалатын болды. Тасбөгет кентінің тұрғыны Сақтапберген Жұбатханов көтерген емхана мәселесі де келесі жылы шешімін табады.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ \Тасбөгет кентінде жаңадан салынатын емхананың орны белгіленген. 2024 жылы жобасы дайындалып, 2025 жылы құрылысын салу жоспарлануда...\