#qyzylordatv

Жаңақорған ауданында еңбек ардагері Амантай Әбдіраманның тұлғалық қасиетін айшықтаған естелік жинақ жарық көрді. «Ұмытылмас із, өшпес өнеге» деп аталады. Сондай-ақ, еске алуға арналған шағын футболдан ересектер арасында облыстық ашық турнир өтті.

 Амантай Әбдірахман саналы ғұмырында мал шаруашылығы саласын өркендетуге, Жаңақорған ауданының дамуына айрықша үлес қосқан азамат. 1956 жылы «Октябрь» колхозындағы мал фермасында зоотехник болып еңбек жолын бастаған ол, 1963 жылы «Талап» совхозының төртінші фермасында зоотехник, ферма меңгерушісі болады. Ал, кейін өмірінің соңына дейін «Қожакент» ауылында ферма меңгерушісі, совхоз директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

ӨМІРСЕРІК ИСАБЕКҰЛЫ – АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ////Амантай Әпетұлы ағамызбен мен сол 72 жылдан бастап, 79 жылға дейін қызметтес болдым. //ол кезде малшылардың жағдайы мәс еместін. / / Қанша дегенмен малшылардың жағдайы болмай қала береді. Кей кезде мал төтенше жағдайларға тап болады. // сол кезде соның ізін білдірмей, халықтан мал жинап, адамды соттаудан аман алып қалған уақытысында. Солай савхоздың жағдайын дұрыстап алған.

Еске алу турнирінде 12 команда 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде кентаулық аяқдопшылар үшінші орынды қанағат тұтса, Жаңақорған командасы екінші орынды еншіледі. Ал, түркістандық спортшылар бірінші орынды жеңіп алды.

Спорт кешеніндегі турнирден соң ауылдағы мәдениет үйінде кітаптың тұсаукесері болып, бөлек болмыс иесінің ұлағатты ісі ұлықталды. Мазмұнды кешке алтын дауысты диктор, «Парасат» орденінің иегері Сауық Жақанова да қатысты. Ол Амантай Әбдірахманның ұл-қыздарының бүгінгі жетістігін тілге тиек етті. Ал, аудан өнерпаздары Амантай Әпетұлының іскерлік қырын қойылым арқылы жеткізді.

 Кеш соңында өнерпаздар ауыл халқына әннен шашу шашты.