#qyzylordatv

Қазақстан халқы Тілдері күніне орай Достық үйінде көрме ұйымдастырылып, салтанатты шарада тіл жанашырлары марапатталды.

Бұл фотосуреттерде өткен ғасырдағы қазақ зиялылары бейнеленген. Жанында ескі баспа машинкасы мен 1912 жылғы әліппе. Мұның бәрі Қызылорда астана болған кезеңді еске салады. Достық үйінде ұйымдастырылған көрмеге облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, жергілікті ғалымдардың еңбегін ерекше атап өтті.

 МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Бүгінде Қызылорда облысы әкімдігі іс-қағаздарын мемлекеттік тілді жүргізу бойынша алғашық үштіктің қатарында. Сыр өңірі алғашқы болып қоғамдық тамақтану орындарында ас мәзірлерін қазақшалауды қолға алды. Ғалымдарымыз жан-жақты ғылыми ізденіс жұмыстарымен нәтижесімен мемлекеттік тілдегі ас мәзірмен, тағам түрлері қазіргі жағдайы мәселлер аты монографиялық анықтамалық шығарды Аталған еңбектер республика тарапынан оң бағаланып, осы жылдың мамыр айында барлық өңірлерге таратылды. Тіл орталығының үздік деп танылған, қазақ тілін кинофильм аралауға арналған жаттығулар жинағы Тыңда, Түсін, Тілді үйрен, Қазақ тілін меңгертуге арналған мәтіндер жинағы атты әдістемелік құралдары баспадан шығарылып, еліміздің барлық тіл орталықтарына таратылды. Бүгінде тіл орталығының оқытушылары әзірлеген Қазақ тілді кәсіпкер оқу құралының нұсқасы республикалық комиссияға ұсынылды.

Мереке аясында тіл жанашырлары төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды. Ал мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсеткен ұйымдар «Үздік кәсіпкерлік нысан», «Үздік мұнай компаниясы», «Үздік көлік ұйымы», «Үздік этномәдени бірлестік», «Үздік балабақша» аталымдарында жүлдеге ие болды.

 ҒАЛИЯ ҒИЗАТУЛЛИНА - ТАТАР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ Біздің еңбегіміздің бағаланғаны қатты қуантады. Қазақ тілін жастарға үйрету үшін барымызды саламыз және де өзімізде қазақ тілін үйренудеміз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын , елге береке-бірлік тілеймін.

 НӘЗГҮЛ МОЛЖІГІТОВА - АРАЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бірлестікте жұмыс жасап, осы еліміздің тілінің өркендеуіне , мемлекеттік тіліміз ана тіліміздің өркендеуіне осы үлкен салада бірге әріптестерімізбен жұмыс жасап келе жатырмыз. Қазақстан халқы тілдер мерекесімен сіздерді барша халқымызды құттықтай отырып, осынау үлкен мерекеде облыс әкімінің алғыс хатына ие болғаныма үлкен қуанышымды білдіргім келеді. Бұл біздің тіліміздің, еліміздің рухани байлығындағы өсіп-өркендеу жолындағы жұмысымызға үлкен мотивация беретіні белгілі.

 Шара патриоттық әндермен өрілген мерекелік концертпен түйінделді.