#qyzylordatv

Қыркүйектің бірінші жексенбісінде Қазақстанда мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Атаулы күн қарсаңында "ҚазГермұнай" компаниясы мұнай - газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті.

 Мұнай саласы өңір экономикасының күретамыры. Осы салаға жастайынан бар қажыр-қайратын жұмсаған азаматтар бүгінде ақылман да абыз ақсақалдар. Солардың бірі – Тәңірберген Қойшыбайұлы. Ол бұл салада 17 жыл еңбек еткен.

 ТӘҢІРБЕРГЕН ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ Осы мекемеде біраз қызықтар болды. Геолог болып жұмыс істедім. Қызықтар болды, біздер скважин қазамыз жерасты суын шығарып, мұнайды жерді көтеру үшін жердің астына қайта айдаймыз оны, сонда мен су тауып беру менің мақсатым болды. Сонымен 105 скважин қаздық, мен кеткен кезде 90-ы жұымыс істейтін тұғын, істеп тұрған шығар әлі. Бір скважин қазып жатқан кезде , бізде буровой раствор шығады, сонда мен акланың тісін ұстап алдым ол кезде біздің учидительдер Германский компания болатын. Бұл нені айтады бұл жерде кезінде теңіз болған. 02:49 Ұлым осы геолог болып жұмыс істейді. Қазір пенсиядамын 8 жылдай, жалпы әріптестермен араласып тұрамын, совет сұрайды, телефонмен хабарласып тұрамыз, осындай мерекелерде кездесіп тұрамыз.

 Әсия Хайруллаева - Қазгермұнай компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Ол еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуына жауапты болып, вахтадағы қызметкерлердің жайлы жағдайын басты назарға алды. Бүгінде осы дәстүрдің жалғасып келе жатқанына мақтан етеді.

 ӘСИЯ ХАЙРУЛЛАЕВА – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ / Зейнетке шыққанға дейін еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істедім. 2013 жылы зейнетке кеттім, ал компанияда 1999 жылдан бастап қызмет атқардым. Ол кезде өнеркәсіптік өндіру енді басталған, небәрі 8 ұңғы бар еді. Далада бәрі көз алдымызда тұрғызылды. Бастапқыдан-ақ кәсіпорын әлеуметтік бағыт ұстанды. Сондықтан қызметкерлердің өзін жақсы сезінуіне жағдай жасалды. Үйінен, отбасынан жырақ жүргендерге барлық мүмкіндік қарастырылды. Қызметкерлердің балаларына да қамқорлық бар: студенттерге оқу ақысына қаржы бөлінеді, кішкентайларына лагерьге жолдама беріледі. Ал қызметкерлер жылына бір рет бес жұлдызды санаторийде демалады. Біз зейнетке шықсақ та, әлі күнге дейін мерекелерде көмек көрсетіліп, санаторий жолдамалары беріледі. Бізді ұмытпай, шақырып тұратыны қуантады.

 Сала ардагерлерінің айтуынша, іргелі ұжымда ұрпақтар сабақтастығы мен адамға деген қамқорлықтың үлгісі сақталған.

РӘЗИЯ ҚАЛЖАНОВА – КОМПАНИЯДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ // Сыр өңіріндегі барлық мұнайшыларды құттықтаймын. Қазгермұнай басшылығы біздің ардагерлерімізді мерей жасқа толған ардагерлерді қабылдап, ол шараға облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері қатысып, керемет шара өтіп отыр. Сондықтан біз компаниямыздың өсіп- өркендеуіне тілектеспіз. Компанияда еңбек еткен барлық ардагелерді мақтан тұтамыз, айтар алығысымыз шексіз , еңбек етіп жатқан барлық қызметкерлерге табыс тілейміз.

 Мұнайшылар күні- бұл кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетуге себеп. Олардың еңбегі-бүгінгі жетістіктердің негізі,ал іске адалдық-жаңа ұрпақ үшін үлгі болмақ.