#qyzylordatv

Таңғажайып құбылыс! Кеше түнде аспан әлемінде ай тұтылып, қызыл түске боялды.

Астрономдардың мәліметінше, тұтылудың ең жоғарғы фазасы Астана уақытымен 23:11-де тіркелді. Ғалымдар бұл құбылысты «Қанды Ай» деп те атайды. Себебі Жер көлеңкесі Айды толықтай жапқанда, күн сәулесі атмосфера арқылы өтіп, қызыл реңк береді. Бұл - ерекше құбылыс саналады. Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрғындар түнгі аспандағы «Қанды Айды» тамашалап, әсерлі сәтті әлеуметтік желілерде бөлісті.