#qyzylordatv

Білім мен біліктілік, адалдық пен ашықтық, жауапкершілік пен жариялылық. Бұл мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талап. Арал ауданында осы міндетті абыроймен атқарып, елдің алғысына бөленіп жүрген мамандар аз емес. Солардың бірі Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Азат Балмырзаева. Отбасы мен қызметті қатар алып, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген «әйел әкім» туралы тілші бейнематериалында.

Азат Балмырзаева Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі болып 2023 жылы сайланған. Тұрғындардың таңдауына ие болған ол бүгінде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, елдің алғысына бөленіп жүр. Азат Төлебайқызы ауылдың тіршілігімен, тұрғындардың тұрмыстық жағдайымен жіті таныс. Өйткені ауылды аралап, ақсақалдармен жиі кездеседі. Ел ағаларының ой, пікірлерін тыңдап, түйінді түйіткілдерді шешу жолын талқылайды.

 Иә, «жас келсе, іске» деген. Азат Балмырзаева ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына, кәсіпкерлікті дамытып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлес қосып келеді. Қазіргі күні Қамыстыбаста жүзден астам кәсіпкер тіркелген. Солардың бірі Жанболат Үмбетов. Ауыл тұрғыны құрылыс материалын шығарып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

 Қамыстыбаста туризм саласы жақсы дамыған. Ауыл маңындағы Қамбаш көліне облыс тұрғындары ғана емес шетелдіктерде келіп суға түсіп, демалады. Азат Төлебайқызы отандық турзимді дамыту мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Тағы бір жаңалық, елді мекенді газдандыру жұмыстары басталды.

САҒЫНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \жаңа әкім келгелі ауылда біраз жұмыстар атқарылып жатыр...\

  Азат Төлебайқызы іскер басшы ғана емес асыл жар, аяулы ана. Қызметпен қатар отбасының да тіршілігін түлетіп, ұлағатты ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.