#qyzylordatv
Қалада кәріз суды биологиялық тазартудан өткізетін станция жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінде, жергілікті билік арнайы жоба әзірлеп, инвестор тартуға ниетті.
Осыған орай, Сыр өңіріне Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы Еділ Жаңбыршин арнайы келіп, биологиялық тазарту жүйесінің қазіргі жай-күйін көрді. Сондай-ақ осы салада тәжірибесі мол қытайлық компания өкілдерімен ауқымды жобаның жай-жапсарын талқылады. Жоба құны шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрайды.
Қазіргі таңда шаһардан жылына 17 миллион шаршы метр лас су құйылса, қайта жаңғыртудан кейін қабылдау қуаттылығы 70 миллионға ұлғаймақ.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /Президенттің берген тапсырмасы бар суды біз үнемді пайдалануымыз керек деп. Және лас суларды тазалап қайтадан пайдалануымыз керек. Міне, осы тұрғыдан қазір Қызылорда облысында осы мәселені қарап жатырмыз. Қазір әлемде көптеген технологиялар бар жетілген бізге сол технологияларды әкелу керек/