Биыл ел қорғаны, жаужүрек батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының туғанына - 250 жыл. Осыған орай «Әлімсақ» журналының ұйымдастыруымен «Қазақ батырларының тағдыры. Жанқожа туралы тарихи ақиқат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 70 жыл бойы аттан түспей, азаттық үшін күрескен Жанқожа Сыр өңіріне ғана емес күллі қазақ жұртына ортақ тарихи тұлға. Сондықтан батыр есімін ұлықтау шаралары республика деңгейінде аталып өтілу керек. Шараға жиналғандардың ортақ пікірі осы. Басқосуда «Баба ерлігі – ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі қойылып, Жанқожа батыр туралы тарихи еңбектер мен әдеби шығармалар, Нұрлан Көбегенұлының жеке архивіндегі тарихи жырлардың латын, төте жазулармен жазылған нұсқаларының көшірмелері көпшілік назарына ұсынылды.
НҰРЛАН КӨБЕГЕНҰЛЫ – «ӘЛІМСАҚ» ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ //Биылғы мерейтойға орай не жасаймыз, Жанқожаның батырлық тұлғасын, бейнесін, ерлігін өскелең ұрпақтың санасына қалай сіңіреміз? Біз осы бағытта қозғап жатырмыз.