Бүгін аймақтың маңызды салаларында кадрлық өзгерістер орын алды
Актив отырысында облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Жанерке Жақсылық таныстырылды. Аймақ басшысы жаңа лауазым иесіне медицинаалық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыруда нәтижелі жұмыс күтілетінін айтып, осы бағытта тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, «Сыр суы» филиалына жаңа директор тағайындалғаны белгілі болды. Бұл қызметке Ержан Әмиша келді. Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, су жеткізу қызметінің сапасын жақсартуды тапсырды. Және жаңа қызметте абырой тіледі.
Айта кетейік, тағайындалған екі жаңа басшы да Сыр елінің тумасы.