1989 жылдың 28-ші ақпанында қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің бастамасымен «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы құрылды. Ал 1991 жылдың 29-шы тамызында Семейдегі ядролық сынақ алаңы ресми жабылды. Жыл сайын Тағзым алаңында қозғалыс мүшелері сынақ салдарын жоюда қаза тапқандарды еске алуға жиналады.

Семей полигонында 600-ге жуық сынақ өткізілген. Қуаттылығы жағынан Хиросимадағы жарылыстан 2,5 мың есеге көп. Олжас Сүлейменов өз естеліктерінде тікелей эфирде 10 минут көлемінде жер астында өткізілген сынақтар туралы айтуға мүмкіндік туғанын айтады. Сол кезде жоспарланған 18 жарылыстың 11-і тоқтатылған. Еске алу шарасында сынақ алаңын залалсыздандыруда қаза тапқан азаматтардың рухына құран бағышталып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.