#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы 70 жасқа толды.
Бағдат Кәрібозұлы - өңіріміздегі іргелі білім ордасында қалтқысыз қызмет еткен ұлағат иесі. Ғылыми ізденістерін Сыр өңірінің тарихи тұлғалары мен өнер иелеріне арнап, қорқыттануға, өлке тарихына байланысты қыруар жұмыстың атқарылуына мұрындық бола білген филология ғылымдарының докторы. Оқырман қауымға «Өркениетке өріс», «Беталыс», «Ынсап», «Ырыс», «Тағдыр» секілді публистикалық еңбектерімен жақсы танымал. Ал ғалым жетекшілік еткен 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясы қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған іргелі жобаның бірегейі.
ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ Әдебиеттануға, ұлттық әдебиеттану ғылымына жаңа бір бағытпен келген ғалым деп айтуымызға болады. Жалпы оның ғылыми зерттеу еңбектерінде, монографиларында ұлттық поэзиядағы мінез мәселесі сөз болады. Бұрын соңды айтылып, шашыраңқы болып жүрген нәресіні, жалпы қазақ поэзиясындағы ұлттық рух, ұлттық мінез деген нәрсені әдебиет тану ғылымына алып келген, тың бағыт ретінде алып келген осы Бағдат Кәрібозұлы. Қорқыт ата туралы аңыз-әпсаналарды жинау, одан кейін Сыр өңірі фольклорының үш томдығы ғалым ретінде Бағдат ағайдың еліне сіңірген еңбегі.
Ғылым мен руханиятты ұштастырған ғалымның өмір жолы көпке өнеге. Еңбек жолын қарапайым оқытушылықтан бастаған Бағдат Кәрібозұлы білім-білігі, қарым-қабілетінің арқасында доцент, профессор дәрежесіне дейін көтеріліп, факультет деканы, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор се¬кілді жауапты қызметтерді абы¬роймен атқарды. Әрі ұлағатты ұстаз ретінде де үлкен мектеп қалыптастырды. Жас ғалымдарды тәрбиелеп, ұлттық мұраны зерттеудің ғылыми әдіснамасын қалыптастырудағы еңбегі зор. Өңірдің ғылыми, қадрлық әлеуетін нығайту ісіне қосқан үлесі өз алдына бір төбе.
ҰЛЖАН ЖАНБЕРШИЕВА ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
Бағдаттың бойындағы жақсы бір қасиет адаммен тіл табысады. Адамгершілігі мол, адал және өзім деген адамға жүргін беретін өте бір жақсы қасиеті бар. Оның бойындағы осы қасиеттерді ұстазы Қабдоловқа ұқсатамыз. Бағдат әріптестер арасында отырған кезде керемет бір теңеулерді табады. Бұл тек Бағдатқа ғана тән. Мысалы, қырғауылдың қоразындай сұлусың дейді қыздарға. Немесе қызыл қанат сазандай деген сөді айтады. Бұлардың барлығы жеке стилі, тек өзіне тән ғана нәрсе.
СӘПЕН АҢСАТ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, Т.ЖҮРГЕНОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бағдат сияқты ғалымдар біз үшін қажет. Сөйлесу арқылы, оның шығармасын оқу арқылы, оның кеңесін тыңдау арқылы толысасың. Міне бір толысатын, көкжиегімді кеңейткен тұлға, рухани аға-іні дос болып жүрген Бағдат Кәрібоұлы. Ол үлкенге ізеті мол, бір өтініш айта қойсақ соны мүлтіксіз орындайды.
Ал жылдар бойы жазылған ғылыми мақалалары, монографиялары бүгінгі ғана емес, келер ұрпақтың да рухани игілігіне айналары сөзсіз.