#qyzylordatv
Қызылордаға «Ұлт рухын ұлықтаған тұлға» атты көшпелі көрме келді. Бұл рухани-мәдени мұра біртуар тұлға, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл аясында ұйымдастырылып отыр. Тайқазанды елге қайтарған, қазақ театрларын, ұлт мұражайларын ашқан, ою-өрнекті ұмыт қалдырмай, Наурызды да, айтысты да жаңғыртқан жан-жақты тұлға Өзбекәлі Жәнібековті тану бізге парыз,-дейді көрмені көріп келген әріптесім.