#qyzylordatv

Өңірімізде 41 мыңнан астам гектар күріш алқабы суға бастырылды. Суды ұтымды әрі тиімді пайдалану мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі облысқа 3,2 млрд текше метр көлемінде су пайдалану лимитін бекітті.

 Биылғы вегетация кезеңінде күріш егісінің көлемі 70 мың гектардан аспауы тиіс. Қазіргі таңда 49 857 гектар алқапқа Сыр салысы себіліп, 41 657 гектар егістікке су жіберілді. Белгіленген лимитті ескере отырып, шарпуалар егіс құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыс атқаруда. Бүгінде диқандармен каналдар арқылы су жеткізу бойынша 928 келісімшарт жасалған.