#qyzylordatv

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Өкінішке қарай, отбасындағы зорлық-зомбылық тек жеке жанұяның емес, бүкіл қоғамның әлеуметтік проблемасына айналып барады. Түйткілді тақырып «Қауіпсіз қоғам: отбасы, тәрбие және жауапкершілік» атты жиында кеңінен талқыланды.

 Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, психолог мамандар мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында сөз сөйлегендер тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернет алаяқтық, сталкинг және құмар ойындардың зияны жөнінде жан-жақты мағлұмат берді.

Жыл басынан бері қалалық полиция басқармасына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 1000-нан астам хабарлама келіп түскен. Жедел әрекеттің нәтижесінде 700-ге жуық қызылордалық профилактикалық есепке алынған. Оның ішінде 152-сінің мінез-құлқына бақылау күшейтілді.

Ал, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 25 ана көмекке жүгінген. Айта кететін жәйт, орталықта азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, құқықтық, психологиялық, еңбек, экономикалық, педагогикалық және мәдени бағыттарды қамтитын сегіз түрлі арнаулы қызмет ұсынылады. Нәтижесінде өткен жылы 69 әйел өз отбасына қайта оралып, мәселелерін шешуге мүмкіндік алған.

ЖАНДОС ТҰСМАҒАМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Бүгінде орталықта 40 қызмет алушы, яғни 11 отбасы қызмет алуда. Олардың 95 пайызы зорлық-зомбылықпен күш көрсету, психологиялық түрлерінен зардап шеккен аналар мен балалар. 2024 жылы біздің орталықта 199 қызмет алушы қызмет алса, 2025 жылы 289, 2026 жылдық 1-ші тоқсанында 102 қызмет алушы ортылқтан қызмет алды.

 АЙГЕРІМ ЕРБОЛАТ – ҚПБ ҚҚБ ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ

Жыл басынан бері мыңның үстінде 102 арнасына хабарлама келіп түсті. Яғни бұл хабарламалар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, яғни отбасылық қылмыстық дерегі бойынша былтыр 13 қылмыстық дерегі орын алса 4 аймен, қазіргі таңда 14 қылмыс дерегі орын алып отыр. Өлім жағдайымен аяқталған фактілер бар.