#qyzylordatv

Аймақта жыл басынан бері өндіріс орындары мен түрлі мекемелерде 26 жазатайым оқиға тіркелген. Облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының департаменті осыған байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, 15 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп таныды.

 Жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға төмендеген. Бұл мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесі. Мұнан бөлек, демартамент тарапынан төрт айда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 24 бұзушылық анықталып, еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыста өндірістік жарақаттанудың себептері мен еңбек қауіпсіздігінің жай-күйіне тұрақты талдау жүргізіліп, алдын алу бағытында шаралар қабылданып отырады ...