#qyzylordatv
Қызылордалық құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кету қаупі төніп тұрған бүлдіршінді құтқарып қалды.
Оқиға Чайковский көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Үшінші қабаттағы пәтердің ашық қалған терезесінде отырған баланы байқаған тұрғындар дереу төтенше жағдай қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы сатыны пайдаланып, 4 жастағы баланы қауіпсіз жерге алып шықты. Ал ішінен кілттеулі пәтерде баладан басқа ешкім болмаған.
Осы орайда құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнату керектігін ескертеді.