#qyzylordatv
VIII Халық ойындарының облыстық іріктеу кезеңі басталды. Осыған орай қаламызда спортшылар шеруі өтті. Ал, іріктеу кезінде топ жарған үздіктерге Түркістан қаласында болатын финалдық ойындарға жолдама беріледі.
Төрт жылда бір болатын бұл доданың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді. Халық ойындарының облыстық іріктеу кезеңіне қала мен жеті ауданнан 1000-нан аса спортшы жиналды. Олар баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шағын футбол, асық ату, қол күресі және гір тасын көтеру секілді ойын түрлерінен бақ сынап жатыр.
БЕКСҰЛТАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ – СПОРТШЫ
Арал ауданының тұрғынымын. Осы сегізінші халық ойындарына іріктеу жарысына келдік. 18 мамыр күні гір көтеру спортынан салмақ өлшеу болды. Мен 85 келі салмақ дәрежесінде шықтым. Өз салмағымнан бірінші орын алдым.
Республикалық кезеңде аймақтың атынан сынға түсетін спортшыларға қойылатын талап жоғары, дейді басқарма басшысы.
БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өкінішке орай 3 ойындарда біз сәтсіздікке ұшырағанбыз. Осы жолы жігерлендіріп жатырмын команданы. Өйткені ұтылу деген біздің табиғатымызға жат болуы керек. Үштікте кемі көрінуіміз керек, деп тапсырма беріп жатырмыз. Сондықтан іріктелген команданы жасақтап, оқу жаттығу жиындарын өткіземіз да, республикаға жіберетін боламыз.
Осылайша мыңнан астам өңір тұрғынын бір арнаға тоғыстырған дәстүрлі сайыста 10 спорт түрі бойынша мықтылар анықталмақ.