#qyzylordatv

Президент «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға қол қойды. Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру.

Құжатта мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен әдептілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мінсіз бедел институтын енгізу көзделген. Маңызды жаңашылдықтың бірі – мемлекеттік қызметке іріктеуді толық цифрлық форматқа көшіру. Енді үміткерлерді іріктеу «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады