#qyzylordatv
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен сұйытылған газ бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиында өңірдегі сұйытылған газ бағасын бақылауда ұстау, тапшылыққа жол бермеу және тұрғындарды әлеуметтік бағамен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы 144 автогаз құю станциясы мен 6 газ сақтау қоймасы арқылы 15 оператор сұйытылған газ сатумен айналысады. Аймақ басшысы жауапты сала өкілдеріне газ бағасын тұрақтандыру, халыққа шектеусіз сатуды қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдіктеріне газ қорына тұрақты мониторинг жүргізіп, ахуалды қатаң бақылауда ұстау міндеттелді.