Қызылордалық ғалымдар дронмен күріш екті. Ал енді күріштің жаңа сорттары өндіріске енгізілуі мүмкін. Қазірдің өзінде дақылдың 16 түрі жерсіндіріліп жатыр. Себебі, бұған дейін егіліп келген сұрыптардың өнімділігі азайған. Тәжірибелі шаруа қожалығында болып келген тілшіміз Гүлай Ашекова тақырыпты тарқатады.

ГҮЛАЙ АШЕКОВА - ТІЛШІ

«Мына егіс алқабында күріштің жаңа 16 сорты егіліп, қазір суға бастырылып тұр. Италия, Вьетнам, Түркия және Ресейден әкелінген тұқымдардың әзірге атауы жоқ. Тек штрих кодпен белгіленіп келіпті. Егерде жерсіндіріліп жатса, оларға біздің ғалымдар өздері атау ойлап табуы әбден мүмкін. Сынақтан өтіп жатқан күріш дақылының жаңа сорттары Сырдың ауа-райына төзімді көрінеді».

Шетелдік сорттардың басты ерекшелігі - өнімділігінде дейді мамандар. Әзірге сынама ретінде барлығы бір атыздың бойына, әр түрінен 50 метр жерге егіліпті. Суға бастырылып тұрған дәнді дақыл жергілікті ғалымдардың бақылауында.

АЙДОС ЖАЛБЫРОВ - Ы. ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

«Енді соңғы жылдары бізде сорт жаңарту бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Жаңа сорттар шықты. Дегенмен де өнімділік жағынан біршама кеш қалып тұр. Бізде жоғары өнімді сорттар көп шықпай жатыр. Сол себепті шетелдерден сорттар келеді. Біз оларды зерттеп, сынап жатырмыз. Біздің ауа-райы жағдайында қалай болады, бізде пісе ма, бізге келгенде олар жоғары өнім беруі де бермеуі де мүмкін. Сондықтан біз оларды сынап, жаңа сорттардың бізге өндіру үшін осындай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасап жатқан жайымыз бар.Әр сорттың өзінің ерекшілігі бар. енді олар жергілікті ауа-райына қарай піседі соны біз анықтаймыз осы биылдан бастап ».

Жалпы биыл Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік егіс алқабына күріштің 25 сорты егілген. Оның 16-сы жаңадан келген сынамалық сорттар болса, қалған 9-ы бүгінге дейін өндірісте жүрген түрлері. Соның ішінде институт ғалымдары бірнеше жыл бұрын шығарған «Сыр сұлуы» және «Айсара» сорттарына басымдық беріп отыр.

АЙДОС ЖАЛБЫРОВ - Ы. ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

«Айсара сортын айта кету керек бұл көп өнім бермейді. Тек экзотикалық сорт болып есептеледі. Дегенмен біз «Айсара» сортының тұқымын көбейтіп жатырмыз. Себебі оған деген сұраныс жоғары. Өзіміздің «Сыр сұлуы» сорты ыстық болсын, салқын болсын, судың жоқтығы болсын, олар бейімделген. Ал шетелдік сорттарға күтім керек арнайы. «Сыр сұлуы» мен «Айсара» сорты оларға қарағанда ерте піседі. Ерте піскендіктен де олар шетелдік сұрыптар сияқты өнім бермейді. Бір өкініштісі сол.».

Сондай-ақ аймағымызда 2005 жылдан бері Ресейден әкелінген «Лидер», «Янтарь» сорттары егіліп келеді. Дегенмен күріш алқабынан көпшілік күткен өнім қамбаға құйылмайды. Себебі өсімдік ауруы көбейген.

АЙДОС ЖАЛБЫРОВ - Ы. ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

«Ресейден «Лидер және «Янтарь» деген сорттар келді. Сол жылдан бастап бізде облыста кеңінен таралып, әлі де солар егіліп жүр. Сол сорттар келгеннен бастап, олар өздерімен бірге «пирикуляриоз» деген ауруы бар. сол ауруды өздерімен бірге ала келді да өзіміздің егіп жүрген «Маржан» сорты да сол аурымен ауырды. Олар келмей тұрып бізде ондай ару жоқ еді күрішімізде. Соңғы жылдары лидердің аурушаңдығы өте жоғары. Өнімді жоғалту қаупі бар Лидерден.

Биылғы егін науқанының басты жаңалығы – мамандар дронның көмегімен тұқым септі. Жаңа технологияның басты ерекшелігі - уақыт пен өнім шығындамайды дейді мамандар.

ЖӘНІБЕК КӘРИЕВ - Ы. ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАС АГРОНОМЫ

«Бұрын біз АН-2, дельта план қызметтерін пайдаланатынбыз. Қазіргі таңда осы дрон қызметін пайдаланып жатырмыз. Артықшылығы - керек жерімізді ғана сеуіп аламыз. Мысалға дельта планмен себетін болсақ, арықтың жағасы, кеспелдек, тік атыз, оқ атыз соның бәріне бей-берекет себіледі. Ал дронмен күріштің үстіне керек жерімізге ғана сеуіп аламыз да. Қауіпсіздік жағынан да жақсы. Өйткені биз пилотный бұл».

Жалпы биыл институттың тәжірибелік егіс алқабына 600 гектар Сыр салысын егу жоспарланған. Бүгінде оның 500 гектарына күріш егіліп, суға бастырылып тұр. Егін жинау науқанында бұл аумақтың әр гектарынан 30 центнерден өнім алу жоспарланып отыр.