#qyzylordatv
Пара пауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы Снежанна Бойко туған жерге оралды. Египетте өткен байрақты бәсекеде жасөспірімдер арасында топ жарған қызылордалық ару жеке сында Азия және Әлем рекордын жаңартып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар спортшы «Тотал» бағдарламасы бойынша да үздіктер көшін бастады.
БАҚЫТБЕК ЫРЫСБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұл рекорд өзінің тиесілі рекорды соны 3 келіге көбейтіп өзінің рекордын жаңартып отыр. Бұл Снежаннаның өзінің екінші әлем чемпионаты осы жеңісімен екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Бұл әлем чемпионатының маңыздылығы 2028 жылы Лос Анджелесте өтетін олимпиада ойындарына осы әлем чемпионатына қатыспасақ жолдамаға үміткер адам болмайтынбыз. Осы әлем чемпионатына қатысу біз үшін міндетті болды. Қазіргі таңда менің 5 спортшым қатысып жатыр.Екінші оқушы қызым Төлжанова Фариза деген қызымыз олда алтын алды. Алдағы уақытта желтоқсан айында Дубай қаласында паразия ойындары өтеді. Соған дайындаламыз.
СНЕЖАННА БОЙКО, ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ 00:45 Жарыс Египет елінде болды. 5қарсыласым болды 5 елден. Узбекстаннан, Молдова Куба мен Египеттен. Ұзақ дайындалдық иә, жылдың басынан бері пландап келдік осыны.
Осылайша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Снежанна Бойко ел намысын абыроймен қорғады. Қайсар қыз пауэрлифтингте жекелей және жалпылама ұпай санының қорытындысы бойынша бірінші орынға тұрақтаған. Чемпионды күтіп алған жанкүйерлері мен анасынының қуанышында шек жоқ.
ҚАРЛЫҒАШ БАЙЧУГУРОВА - СНЕЖАННА БОЙКОНЫҢ АНАСЫ
Қызым Қазақстан елінің көк туын желбіретіп келіп жатыр. Барлығымыздың мақтанышымыз ол. Отбасының ғана мақтанышы емес, бүкіл Қазахстан елінің мақтанышы деп санаймыз. Хабарды үлкен ұлымнан естідім.Қуанышты болдық ана болғасын енді көзіміздің жасына ерік бердік жыладық.Сондай қуанышта болдық.