#qyzylordatv
Өңірдегі этномәдени бірлестіктерінің онкүндігі аясында шешен-ингуш этномәдени бірлестігі ерекше іс-шара өткізді. Өнерпаздар лезгинка биін билеп, көрерменнің көңілін серпілтті.
Шешен-ингуш этномәдени орталығында 20-ға жуық белсенді мүше бар. Лезгинка биі оларды бір алаңда тоғыстырды. Думанды шараға қала тұрғындары да атсалысты. Татулықты ту еткен іс-шара алдағы күндері қайырымдылық іс-шара мен экологиялық акцияларға ұласады.
БАТЫРХАН АҚПАЕВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Жалпы би деген ұлтқа қарамайтын сияқты, әрі қарай осы дамып тек қана шешен халқы ғана емес, басқа ұлттар өзінің мәдениетін, биін, өнерін көрсетсе. Біз енді көпұлтты халықпыз ғой, бірлігіміз жарасып, осындай бір бірлікте болсаң деген ниеттемін, тек жақсылық болсын.
ЛӘЙЛӘ ПАШАЕВА - «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясы онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Бүгін біз өз онкүндігімізді бастадық. Алғашқы күніміз -«Достық ырғағындағы лезгинка» шарасымен ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық ұлтты біріктіреді.