#qyzylordatv
«Теңізбен тілдескен, Сұлу Сырмен үндескен». Осындай тақырыпта Арал ауданында балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына арналған гала-концерт ұйымдастырылды. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев балықшыларды ғасырлық мерейтойымен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Сондай-ақ, атаулы дата аясында түрлі сала өкілдері шағын футболдан «Балықшылар кубогын» сарапқа салды.
Мерейтойлық турнирде 8 команда 2 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде аудандық обаға қарсы күрес станциясының аяқдопшылары үшінші орынды қанағат тұтса, төтенше жағдайлар бөлімінің командасы екінші орынды еншіледі. Ал, аудандық көпбейінді орталық ауруханасынан жасақталған спортшылар бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлық табысталды.
РАХЫМБЕК ЕСЕНОВ ¬¬– АУДАНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ // Турнир өте жоғары деңгейде болды. Бұл жерде оңай команда болған жоқ. //Біз топтан бірінші орынмен шығып, полфиналда оба командасын жеңіп, финалда өнер көрсеттік. Финал өте ауыр болды. //бақытымызға орай сәттілік бізге жолдас болып, жеңімпаз атандық.
Мұнан соң теңіз тұңғиығынан маржан терген балықшылардың құрметіне орталық алаңда галаконцерт өтті. Онда аудан өнерпаздары «Тектіліктің тұраны ақжелкенді Аралым» атты қойылым қойып, балықшылар қауымының бір күндік өмірі көрініс тапты. Қойылымда еңбектен бел жазбаған қария теңіз жағасында болашақ кеме капитандарымен жүздеседі. Шалқыған Аралдың өткені мен бүгінін әңгімелейді.
Балықшылық кәсібі бүтін бір ауданның негізгі табыс көзі. Мерекелік шарада Аманжол Сақыпұлы теңізді өлкедегі тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды баяндады.
АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ /// биылдың өзінде құны 12 млрд.астам теңгеге Ақбасты, Абай, Тоқабай, Ерімбет жаға, Тастүбек //5 бірдей елдімекенге ауыз су барып жатыр. Денсаулық саласындада үлкен ғимараттар бой көтеріп жатыр. Биыл Сексеуіл кентінде 40 орындық аурухана ашсақ, құны 4 млрд.теңге тұратын ифекциялық аурухана мен жапсаржайды жаңа жылға дейін табыстауға мүмкіндігіміз бар. //Енді Арал қаласының орталығында құны 6,5 млрд.қа күніне 250 келушіге арналған емхана құрылысы жүргізілетін болады. // Үш бірдей жайлы мектеп, екі қарапайым мектеп әртүрлі елідмекенде //ел игілігіне табысталып жатыр.//5.01//Қазір Қамыстыбас елді мекенін газге қосуға үлкен жұмыстар жасалып жатыр.
Одан соң Аудан әкімі балықшылар қауымын марапаттады.
ШҮЛЕНБАЙ ҚУАНЫШОВ ¬- КӘСІПКЕР/Основной тісті балық. //соны соямыз, филе қыламыз. Шетелден сұрайды соны жібереміз. күніге 3 тонна балық кесеміз. Балығымызды экспортқа шығарамыз. Германияға шығамыз. Астраханьға шығарамыз. Жүз жылдықта үздік атанып жатырмын. Марапаттап жатыр, рақмет.
АЙДАР САЙЛАУОВ ¬¬¬– АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ «ТОЛҚЫН» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ Балықшы қауым өзі, суда жүрседе сусап жүретін халық ғой. Біздің Аралда балықшының балағы кеппейді, қайықшының қалағы кеппейді деген сөз бар. Яғни, балықшылар //төрт мезгілдің сынына төтеп беріп, төркүлдүниеге танылған еңбек адамдары. Сол еңбек адамдарын насихаттауда аудандық Толқын газетінің үлесі зор. //биыл біз 100 жылдыққа орай Аралдың тарихын, балықшылардың тарихын арнайы кітап қылып жазып шықтық. //тарихты түгендеп арнайы балықшыларға арнап газет номерін арнадық. //Балықшылар жасай берсін.
Мәдени шарада аудан өнерпаздары ән-биден шашу шашып, кештің көркін кіргізді. Көрермендер дән риза.
Ал, кештің ажарын әнші, сазгер, Арал ауданының тумасы Үкітай Ерниязов аша түсті. Қазақ эстрада жұлдыздарының бірқатарының репертуарынан бүгінде оның лирикалық шығармаларын табуға болады.
Орталық алаңға жиналған көпшілік концерт соңында мерекелік отшашуды тамашалады. https://youtu.be/PPETXtdAYms