#qyzylordatv
Президент «Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге айрықша назар аударған жөн»,- деген болатын. Осы мақсатта Жаңақорған ауданында рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Сыр бойында ислам дінінің таралуына үлес қосқан тарихи тұлғалар жетерлік. Соның бірі - Ибрахимұлы Сәдір Шайық. 11 ғасырда Сайрамда дүниеге келген ол Қожа Ахмет Ясауидің ағасы. Сәдір Шайық Өзгент шаһарында имамдық етіп, елді рухани тәрбиелеген ұстаз. Немересі Сафи-ад-дин Орын Қойлақы дін ғұламаларының ізін жалғастырып, бұқараны ізгі амалдарға ұйыстырған. Ұрпақтары баба рухына тағзым етіп, арнайы белгі орнатты. Мұнан соң қос тұлғаның есімін жаңғыртқан ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияда ғалымдар дін ғұламаларына қатысты еңбектердің әлі де зерттеуді қажет ететінін алға тартты.
Ғалым Жандарбек Зікірия «Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам екенін ұғындырса, философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай «Сыр бойы түрік-ислам өркениетінің бастауы» деген тұжырымды ғылыми дәлелдермен толықтырды.