#qyzylordatv

Балалардың шығармашылығын шыңдап, үлкен сахнаға шығуына жол ашатын «Ботақан» облыстық телефестивалінің іріктеу кезеңі аяқталды. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 Тележобаның үйлестіру кеңесі шешімімен құрылған қазылар алқасы аудандық іріктеу турын Аралдан бастады. Ауданның өнерлі өрендері бұл фестивальді жыл сайын асыға күтеді.

Ал, Сексеуілден келген кішкентай өнерпаз Айша Оразғали небәрі үшінші сыныпта оқиды. Ол «Сәлем, саған туған ел!» әнімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

 Дәстүрлі телефестиваль осыған дейін тек ән-би, жыр мен терме жанры бойынша ұйымдастырылса, биылғы басты ерекшелік – қатарға балалардан құрылған хор ұжымының қосылуы.

 Әрі қарай, қазылар алқасы Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі мен Жаңақорған аудандарын аралап, ең үздіктерін іріктеді. Талапты балақайлар өнер байқауына жақсы дайындықпен келген.

 1200-ден астам өнерпаз бақ сынаған сайыс тартысқа толы болды. Қазылардың шешімімен солардың ішінен 24 би мен хор ұжымы, 10 термеші, 7 домбырашы, 4 баян аспабында ойнаушы және 30-ға жуық әнші финалға жолдама алды. Олардың қатарында бес жастағы Медина Нұрболатқызы да бар. Кішкентай бүлдіршін «Ана» әнін нақышына келітіріп орындады.

 Осылайша, байқаудың іріктеу кезеңінен мүдірмей өткен балғындар қазан айының 27-і мен 30-ы аралығында ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

 АҚМАРАЛ ҚОЙШЫҒҰЛОВА - «БОТАҚАН» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕРІ / Балалардың жас ерекшелігі 13 жасқа дейін деп алып отырмыз. Түрлі аспаптар, ән-би, жыр, терме, хор жанрлары бойынша өткізіледі.//

ГҮЛМАНАТ СЕМБАЕВА – «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАЛАР ХОР ҰЖЫМЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ // Біздің «Қарлығаш» балалар хор ұжымы түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Енді биыл «Ботақан» телефестиваліне қатысуға ниет білдіріп, үлкен әрі жақсы дайындықпен келіп, облыстық кезеңге жолдама алдық. Үлкен қуаныштымыз. Бұл ұжым 7 жылдай уақыт болды құрылғанына. Ақтық сынға да жақсы дайындықпен келеміз деген ойдамын.//

 Айта кетйік, өнерлі өрендерге жол ашқан жарқын тележоба биыл 14-ші мәрте шымылдығын түрмек.