#qyzylordatv

Қармақшы ауданының тұрғыны далалық жерге есірткі екті деген күдікпен ұсталды. Мұны аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Жүргізілген жедел жұмыстың нәтижесінде оқиға орнынан қапқа салынған 1 келі 607 грамм кептірілген марихуана мен 132 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы 24 келі 824 граммды құраған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.