#qyzylordatv
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қала жастарының қатысуымен «Жас тігіншілер» байқауы өтті. Бұл шара Президент Жолдауында айтылған еңбек адамының мәртебесін көтеру және жұмысшы мамандықтарды дамыту бағытында ұйымдастырылды.
Ептілік пен іскерлік қасиеттер сыналатын жас тігіншілер байқауына қаладағы оқу орындарының студенттері мен тігін цехының мамандары қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде жас шеберлер кәсіби білімдері мен дағдыларын тексеретін тест тапсырды. Осылайша он алты қатысушының сегізі екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде тігіншілер практикалық негізде белдемше тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
ШУХРАТ ХАЛИМОВ – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Президентіміз айтып өткендей Жұмысшы мамандықтар бойынша қазіргі таңда қала әкімінің қолдауымен жастар орталығы және жастар ұйымдарының қолдауымен дәл осындай сайыстар өтуде. Бұл сайыстан бөлек біздің қаламызда жас дәнекерлеуші, жас электрик, жас аспазшы, жас тігінші мамандықтары бойынша осындай сайыстар өткізілуде. Дәл осындай сайыстарды алдағы уақытта да өткізетін боламыз. Бүгінгі сайысымыз екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – тестілеу, екіншісі – практика жүзінде тәжірибе. Бұл сайыста жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Жеңімпаздарды жұмысшы мамандықтар форумында Қызылорда қаласында марапаттайтын боламыз.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Тігіншілер үшін басты дүниенің бірі – қауіпсіздік талаптарының сақталуы. Яғни, жұмыс үстелінің үстінде артық заттар, қайшы сияқты өткір бұйымдар болмауы қажет. Біздің қазір шеберлеріміз пішу жұмыстарын аяқтады. Тігу жұмыстарына кірісіп кетті. Егер пішу жұмыстары дұрыс болмаса, киімнің де дұрыс болмайтыны белгілі. Шеберлеріміз барлық жұмысты мұқият орындап, шын ынтасымен кірісіп кетті.
Байқауда өнерлі жастар өз шеберлігін көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алды.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Тігіншілер дәл қазіргі уақытта стандартты өлшемдегі белдемшені әзірлеу үстінде. Жұмыс процесі қалай болып жатыр екен? Оны өздерінен сұрап көрейік.
МАЙРА БОХАНОВА – ЖАС МАМАН
Белдемшегі бір сағат уақыт берілген. Берілген уақытты өте үнемді пайдаландық. Пішіп болғаннан кейін ішкі өңдеу әдісінен өткіздік. Соңында белдемшені дайындауға 10 минуттай уақыт жеткілікті. Толықтай бітіруге 10 минуттай уақыт жеткілікті болды.
Осылайша шеберлер аз уақыттың ішінде икемділігі мен ұқыптылығын, эстетикалық талғамын байқатты.
БИБІСАРА ҮСЕНҒАЛИЕВА, СТУДЕНТ
Біз белдемше тіктік бір сағаттың ішінде. Жұмыс процесі өте қызық болды. Мен осы салаға кіттай кезімнен қызығамын. Мен киім және дизайнерлеу мамандығында оқимын. Болашақта осыны әрі қарай дамытып, өзіме әдемі, ерекше киімдер тіккім келеді.
Байқауда киімнің тігісіне, сапалы болуына баса мән берілді. Тігіншілердің арасынан Абылай хан атындағы жоғары колледждің өндірістік шебері Жансая Абдуллаева жеңімпаз деп танылды. Ал қалған қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.