#qyzylordatv
Биыл саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері Тазагүл Сейтжанқызының туғанына – 80 жыл. Осыған орай Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық, практикалық және әдістемелік мәселелері, тіл мен әдебиетті оқытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.