#qyzylordatv
Биыл Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-інің астанасы болғанына 100 жыл толды. Бір ғасырдан бері тартсақ, бұл шаһарда небір тағдыршешті мәселелердің түйіні тарқатылғаны мәлім. Сондай-ақ, ұлт зиялылары осында жұртшылықты өнер-білімге бастап, ең сүбелі еңбектерін жазған. Мәселен, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ баласының сауатын ашқан «Әліпби» кітабын Сыр бойында сүзгіден өткізіп, баспаға беріпті. Аталмыш еңбектің түпнұсқасын әріптесім Елжас Әбділда тапқан екен. Ендеше, тарихын таразыласын.
Әліппе! Баршаның баласын білімге бастаған құнды кітап. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Сыр өңірінде жарық көрген еңбегі қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінің төрінде тұр. Осыдан 99 жыл бұрын жұртшылыққа жол тартқан кітапты уақыт әбден мүжіп тастағаны байқалады. Мұқабасы сөгіліп, парақтары сарғыш тарта бастапты. Десе де, араб қарпімен жазылған еңбектің бояуы бәз қалпында. Түрлі тақырыпқа орай салынған суреттері өше қоймаған.
ЕЛЖАС ӘБДІЛДА – ТІЛШІ / Бұл әліпби қазақ баласын сауаттандырған тұңғыш кітаптың бірі. Сондықтан ұлт ұстазы аса ыждағатпен қараған, деседі. Тіпті, 1912-1926 жылдар аралығында 7 рет өңделген екен. Соның ең піспектелген нұсқасы Қызылордада жарық көрген/
Түсінгенге бұл бағасы байлықпен өлшенбейтін қастерлі қазына. Музей қорына өткеніне де ширек ғасырдан асыпты. Жалпы, әліппе кітабы 116 беттен тұрады. Онда 28 дыбысқа арналған 24 таңба берілген. Сонымен бірге мақал-мәтелдер мен жұмбақ өлеңдер енгізілген.
ЕҢЛІК БАЙМЫРЗАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ /00:24 Бұл әліпби қазіргі таңда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ширек ғасырдан астам уақыт болды сақталуда. Яғни, Қызылорда қаласы астана болғанына 100 жыл уақыт болса, бұл кітаптың да құны өте зор. Келген жұртшылықтың қатты қызығушылығын туғызуда. 116 бет, 124 фотосуреттерден тұрады. Балалара оқу құралы ретінде енгізуге арнайы қаулы қабылданған. Ол архив қорында сақтаулы тұр/
Ұлт ұстазының табанды еңбегінен туған кітап 1926 жылы Қызылордадағы мемлекеттік баспахана үйінде жарық көрді. Бұл қазіргі «Аль-Асад» сауда орталығының ғимараты. Осында зиялы қауым өкілдерінің небір жауһар дүниелері басылған.
АМАН АБАСИЛОВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ / Осы жерде газеттер шыққан. Сонымен қоса, алаш зиялылары астана болған тұстағы еңбектері басылды. Ахмет Байтұрсынұлының осында 4 жыл өмірі өткен. Оның ең басты еңбегінің бірі «Тіл құралы» кітабы осы баспаханада 1925-1928 жылдар аралығында 9 рет басылған. Сол сияқты Телжан Шонанұлы екеуінің жазған «Оқу құралы хрестоматиясы» еңбегі 2 рет басылған/
Қазір білім беру үдерісі өзгерді. Дегенмен өткен ғасырда жазылған ұлт ұстазының еңбегі әлі күнге дейін бағдарламалық мәнін жойған жоқ. Бір сөзбен, Ахмет Байтұрсынұлы жазған әліпби жылдам сауат ашудың төте жолы, дейді тіл маманы.
АМАН АБАСИЛОВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ / Қазақты сауаттандыруда әліппелердің бірнеше нұсқасы болған, әртүрлі адамдар жасаған. Соның ішінде араб қаріпін қазақ дыбыстарына ыңғайлап жасаған әліпбе Ахмет Байтұрсынұлының әліпбесі болды. Ол тез сауат ашуды көздеген әліппе!/
Осылайша, ұлт ұстазы Сырдағы санаулы жылдың ішінде тұтас қазақ даласына білім жаюды жолға қойды. Ал сол талай тарихтың куәсіндей болған ғимарат әлі күнге дейін ел кәдесіне жарап тұр. Бұл уақыт соққан ескерткіш!