#qyzylordatv
Арал балық шаруашылығы өндірісінің 100 жылдығына орай теңізді өлкеде республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиында балық шаруашылығының бүгіні мен ертеңі талқыланды. Саладағы жетістіктер мен кемшіліктер сараланған жиын турасында әріптесім Елдос Асан әңгімелейді.
Аралды жағалай қоныстанған жұртышылық 19 ғасырдың аяғында теңізден су маржанын сүзе бастады. Ал, 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы балық аулау ісіне серпін берді. 1925 жылдан бастап Арал мемлекеттік балық өнеркәсібі тресті жұмысын бастады. Осылайша трест еңбеккерлері Қамыстыбас көліне балық дайындауға кірісті. Мойнақ, Ұзынқайыр және Арбазу балық кәсіпшіліктерін қамтыды. Мұнан соң көп ұзамай балықшылар серіктестігі мен артельдер колхоз болып бірікті. Кейін, балықшы колхоздары ыдырап, артельдерді Балық комбинаты басқарды. Бөген, Қуаңдария мемлекеттік балық алау базалары құрылды. Жамбыл атындағы, Райым колхоздары ірілендерілді. Авань, Қазалы балық зауыттары дербес жұмыс істеді. Статистикаға сүйенсек, Кеңес өкіметі жылдарында Аралда 10 миллион центнерден артық балық ауланған. Балық тресінің құрылуы осылайша еліміздің балық өндірісінің басталуына себепкер болып, қарқынды дамуына тың серпін берді. Міне, сол балғын балық өндірісі 100 жылдан бері Арал халқын байлыққа бөлеп келеді. (ГЕО: АРАЛ) Алып Арал алыстап кетсе де, ондағы ағайын ата кәсіптен қол үзген жоқ. Тағдырын теңізбен тоғыстырған тұрғындар балықшылықтан бақытын тауып келеді.
АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ ¬¬– АУДАН ӘКІМІ Бүгінгі күнге облыс бойынша 12 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. //Қазіргі таңда балық зауыттарында 500 ден астам адам жұмыспен қамтылса, 2000 астам балықшы теңізден балық аулайды деп мәлімет келтіреміз.
Балық шаруашылығы еліміздің аграрлық саясатының басым бағыттарының бірі. Сондықтан, шаруаларды субсидиялау, жеңілдетілген несие, ғылыми сүймелдеу және еңбек өнімін арттыруды ынталандыру сынды жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде елімізде соңғы бес жылда балық өсіру көлемі 2,6 есеге көбейген. Бұл ретте Арал балық өңдеу кәсіпорындары жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Балықты шет елге экспорттау бағытында да аралдықтардың аяқ алысы жаман емес.
СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ ¬¬– БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 2024-2025 жылдары еліміз бойынша 45 600 тонна балық ауланып, оның 33 мың тоннаға жуығы өңделді. Соның ішінде 26 пайызы, яғни 8668 тоннасы Сыр өңіріне тиесілі болса, оның 50 пайызын, яғни 4731 тоннасын Арал ауданының балық шаруашылығы кәсіпорындары өңдеп, жүзеге асырып келеді. Бұлдан бөлек елімізде Ресей, Қытай, Нидерландия, Германия, Литва сынды өзгеде 21 елге 34 мың тоннағ жуық балық және балық өнімдері экспортқа шығарылды. Оның ішінде 6300 тоннасы Қызылорда облысы жүзеге асырса// соның 30 пайызын, яғни 1948 тоннасын Арал ауданы орындап отыр.
Иә, балықты аулап, оны өңдеуде өсім бар. Алайда, табиғи ортада баланысты сақтау қажет-ақ. Бұл ретте Қамыстыбас балық питомнигі 1966 жылдан бері кіші Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасында балық қорын молайту ісін жүйелі жүргізіп келеді. Қазір онда шабақтарды күтіп-баптауға арналған бірнеше тоған бар. Арнайы тоғандарға жаз бойы бапталған шабақтар осы кезеңде сүзіліп, аумақтағы көлдер мен теңізге жіберілуде. Конференцияда мемлекет тарапынан кәсіпорынды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынып жатқаны сөз болды. Ол үшін инкубациялық цех салынбақ. Қазіргі таңда оның жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ ¬¬– БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /// Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда кәсіпорын өндірістік әлеуеті едәуір артып, қазргі уақытта өсірілетін ақ амур, тұқы, дөңмаңдай секілі 50 млн.балық шабағын жыл сайын 150 млн.ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде балық шаруашылығын дамыту, су айдындарын ресурстармен толықтыру және экологиялық тепе-теңдікті сақтау ісінде маңызды рөл атқаратын болады.
Бұл питомникте бұған дейін тұқы, ақ амур, дөң маңдай балықтары өсіріліп келген. Ал соңғы жылдары мамандар қаяз бен бекіре секілді бағалы балық түрлерін де баптауға кірісіпті. Жалпы облыста тауарлық балық өсірумен 97 шаруашылық айналысып отыр.
ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ ¬¬- ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Балық өсіру шарушалыықтарын дамыту үшін 2024 жылы
Конференция барысында балық саласын жетілдіру бағытында атқарылуы керек жұмыстар талқыланып, аға буын өкілдері ұсыныс-пікірін айтты. Ал, жиын соңында сала ардагерлері мен қызметкерлері министрліктен келген төсбелігілермен марапатталды.