#qyzylordatv
Өңірде жылу беру маусымы басталды. Сондықтан тұрмыстық пештердің техникалық жағдайын тексеріп, мұржаларды уақытылы тазалап отырған жөн. Осы орайда төтеншеліктер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті профилактикалық шара қала іргесіндегі Сабалақ саяжайында ұйымдастырылды. Аталған аумақ әлі күнге табиғи газға қосылмаған. Тұрғындар көмір жағып, жылу пештерін пайдаланып отыр. Сондықтан мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, бірнеше үйге өрт кезінде түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғылар орнатты.
АСХАТ ОРАЗБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
// Әр аптаның сәрсенбі, жұма, сенбі күндері қызметкерлермен тұрғын үйлерді аралап, түтін моржаларын тазалау, газдан анықтайтын датчиктарды қондыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс көлемінде 352 өрт оқиғасы тіркелді, 204-і осы тұрғын секторында болған. Тұрғын секторында болған өрттердің басым көпшілігі - электр желілерінің қысқаша тұйықталуы, жылу беру маусымындағы пештердің ақауынан болып жатады.//
ТӘҢІРБЕРГЕН ЖҮСІПОВ - САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ // Өртке қарсы ТЖД мекемелері үйлерді аралап, от жағу сезонының басталуына байланысты қадағалап, өртке қарсы датчиктерін орнатып, қауіпсіздік мәселесімен таныстырып , барлық жағдайларына қарап жатыр. Өрт - өте қауіпті нәрсе, сондықтанда оны алдын-ала қадағалаған деген өте орынды.