Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы жыл басынан бері Қызылордадағы бірқатар кәсіпкерлік нысанға тақырыптық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып отырған 17 тұлға анықталып, оларға әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, алкогольдік өнімді лицензиясыз сатқан 5 дүкен иесі анықталып, құны 1,2 млн. теңгені құрайтын 1 160 дана алкоголь өнімі тәркіленді. Бақылау кассалық машинасын орнатпаған 3 кәсіпкерге ескерту шарасы қолданылды. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары салық базасын ұлғайту, түсімді арттыру, берешекті өндіру мақсатында да бірқатар жұмыстар атқаруда. Мәселен, қалалық полиция басқармасы, жеке сот орындаушылармен бірлескен рейдтік іс-шара нәтижесінде көлік салығы бойынша 3,1 млн.теңге өндірілді. Қарызы қордаланған жүргізушілердің автокөлігі айып тұрағына қойылды. Жалпы 2024 жылдың бес айында салық базасын ұлғайту арқылы жегілікті бюджетке қосымша 436 млн. теңге кіріс түсті.

ФЕРДАУСИ ҚОЖАБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МКБ БАСШЫСЫ \Үстіміздегі жылдың бес айында салықтық түсімдер көлемі 41,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке - 31,5 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 10 млрд. теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 2,9 млрд. теңге артық түсіп, өсу қарқыны 7,5 % құрады....\