Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы іске қосылады
#qyzylordatv
Кәсіпорындарда жұмысшы жетіспейді. Сарапшылар алдағы 10 жылда сұраныс еселеп артады деп отыр. Еңбек нарығын реттеу үшін үкімет қандай реформа дайындады?
Жасанды интеллект көпшілікті жұмыссыз қалдырады. Бірақ ешқашан еңбек адамын толығымен ауыстыра алмайды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүргізген соңғы зерттеудің мазмұны осыған саяды. Сарапшылар 10 жылда өндірістегі кадр тапшылығы 1 миллионға жуықтайды деп болжап отыр. Қандай мамандықтарға сұраныс көп болады?
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Сұранысы жоғары мамандықтардың 70 пайызы да осы жұмысшы мамандықтары болады деп нақты айтылуда. 33 Мысалы ауыл шаруашылығында 73 мың маман қажет болса, білім алушылар саны 12,7 мың, бұл сұраныстан 5,7 есе аз.
АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
Жыл сайын елімізге 300 мыңдай шетел азаматтары жұмыс жасауға келеді. Жалпы бұл ретте әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз.
Түлектердің жартысы ғана өз мамандықтары бойынша жұмыс істейді. «Сонда мемлекет грант есебінен кімді және не үшін оқытып жатыр? Маман тапшылығын шешу үшін жүйені түбегейлі өзгерту керек», дейді министрлер. Бұдан былай әр кәсіпорын өзіне қандай маман жетіспейтінін айтады. Грант тек соған қарай бөлінеді. Әрі студенттер бастапқы курстарда қазіргідей тек партада отырмайды, бірден сол өндірісте жұмысқа кіреседі.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ Бүгінде 76 жоғары оқу орнының 50 мыңнан астам студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуалды оқытудан өтіп жатыр.
Қандай мамандықтар жетіспейтінін анықтап, мамандарды кәсіпорындарға бағыттап отыру үшін Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы ашылады. Олжас Бектенов оны жыл соңына дейін іске қосуды тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ 11 24 Жетекші компаниялармен бірге мемлекет пен жеке серіктестік негізінде Ұлттық трансформация орталығын құру тапсырылды. Жауапты министрліктер орталықтың толыққанды жұмысын қамтамасыз етсін.
Сарапшылардың пікірінше, болашақта кеңседегі жұмысқа ғана қауқарлы қызметкерлер көбейеді. Технологияның «тілін» түсінбейтіндер болмайды. Бірақ мол табыс өндірісті өрге сүйрейтін қарапайым жұмысшыларда болады. Экономиканы ілгерілетудің де жалғыз жолы осы. Жастар кәсіп таңдарда осыны ескерсе екен, дейді мамандар.