Денсаулық сақтау саласының ардагерлерi Сағымбай Құлсартов пен Әділ Ізтілеуовті еске алуға арналған медицина қызметкерлерінің 56-шы спартакиадасы өтті.

Дәстүрлі шарада сөз алғандар әрдайым қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен, адамгершілігімен ерекшеленген қос тұлға туралы естеліктер айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан кейін, медицина қызметтерлерінен 27 команда жасақталып, олар арқан тартудан сынға түсті. Нәтижесінде, тыңғылықты дайындықпен келген Қазалы аудандық көпбейінді орталық аурухана ұжымына тең келер ешкім болмады. Ал, екінші орынды облыстық жедел жәрдем стансасы иеленсе, облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлері үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар арнайы алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта командалар шағын футбол, эстафета, ұзындыққа секіру, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисі сынды спорттың 7 түрінен бақ сынайды.