Суға шомылу маусымы басталмай жатып 2 жасөспірім тілсіз жаудың құрбаны болды. Қайғылы оқиға 1 маусым күні қала маңындағы «Ягодка» саяжайында орын алған.

Сырдария өзеніне шомылуға барған 15 және 16 жастағы екі жасөспірім суға батып кеткен. Бұл туралы 112 құтқару қызметіне сағат 18:27 минутта хабар түскен. Оқиға орнына жеткен Жедел құтқару жасағы жағадан 30 метр қашықтықтан, яғни дарияның 3 метр терең тұсынан жасөспірімнің денесін алып шықты. Айта кетейік, қаза тапқан екі жасөспірім де Қызылорда қаласындағы 9 мектеп-гимназиясының оқушылары. Жалпы жыл басынан бері суға кетудің 8 дерегі тіркелсе, бұл 4-ші бала өлімі.