Антикор барша қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады. Алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері атынан жалған парақшалар құрып, халықты алдауға кіріскен.
Олар мемлекеттік органның символикасы бар құжаттар жасап, мөр де басады. Кейін оны мессенджерлер арқылы таратып, тұрғындардан ақша бопсалайды. Агенттік мамандары осындай хабарлама алған жағдайда бірден полицияға арыздануға кеңес берді.