Өңірде референдум туралы толық мағлұмат беретін сайт іске қосылды. Бүгінде бұл интернет платформаның көмегіне 5 мыңнан аса тұрғын жүгінген.
Яғни, кез келген адам Referendum.orda.gov.kz сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы өзінің дауыс беру учаскесін, оның мекен-жайын біле алады. Сондай-ақ, 109 Call-орталығының мамандары да референдум бойынша қажетті мағлұмат беруде. Ал мүлдем ешқандай учаскеде тіркелмеген тұлғалар аталған сайтта көрсетілген 5 референдум учаскесіне онлайн тіркеліп, дауыс беруіне болады.
СӘБИТ ИБАДУЛЛА – ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ //Адамдарға қай платформада жұмыс жасау ыңғайлы соған сәйкес мобильді қосымша, телеграм-бот, сайтқа кіру арқылы өздерінің ақпаратын референдумға қатысты учаскесін табуға мүмкіндігі ыңғайлы.
Жалпы референдум күні облыс бойынша 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Аймақта барлығы 492 380 адам өз таңдауын жасау құқығына ие. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелері материалдық-техникалық жағынан жабдықталып, маңызды науқанға дайын тұр. Бүгіннен бастап учаскелерге бюллетеньдер жеткізіледі. Ал байқаушы ретінде дауыс беру процесін 25 қоғамдық ұйымның өкілдері қадағалайды. Және шет елден келген байқаушылар да болады.