Қызылордалық оқушылар күріш ұнынан жеуге жарамды экоыдыстар шығарып жатыр. Мұнан бөлек қияр сығындысынан бет күтіміне арналған лосьон дайындап, түрлі жақпамайлар жасауды меңгерген. Әрине, бұл жобалардың барлығы жетекшілерінің көмегімен іске асырылуда. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен жобасы туралы келесі бейнематериалда.
Жібек Байжанованың білім саласында жүргеніне отыз жылға жуықтапты. Білікті педагог уақытының басым бөлігін зертханада өткізеді. Себебі, оқушыларымен бірге түрлі жобаларды жүзеге асырады. Міне, соның бірі - қияр сығындысынан лосьон дайындау. Қиярдың құрамында пайдалы дәрумендер көп. Сондықтан мектептің жылыжайында өскен дақылды тағам ретінде ғана емес бет күтіміне арналған сусабындарды шығару үшін қолданып жатырмыз,- дейді ол.
ЖІБЕК БАЙЖАНОВА, МҰҒАЛІМ \Қиярдың құрамында барлығы біледі А дәрумені, В 9 дәруменінің көптігіне байланысты бетті нәрлендіріп, сусыздануын, беттегі дақтардың кетіруге байланысты арналған ласьондар жинағы. Әрине кейде құрғақ беттер болады сол кезде нәрлендіріп, майландыру үшін осындай сусабындар жасалды\
Өңірдің басты дақылы күріштен түрлі өнімдер дайындауға болады. Мәселен, Гауһар Мәжит өзінің шәкірттерімен бірге күріш ұнынан жеуге жарамды эко ыдыстар жасап жатыр.
ҒАЙНИ ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ \Пластикалық ыдыстарды біз жегеннен кейін оның қалдықтары қалып қояды. Оның адам өміріне, қоршаған ортаға деген зияны көп. Ал, күріш арқылы жасалған ыдыстарды жеп қоюға болады. Бұлар негізі Америкада жақсы дамыған. Кофенің ыдысы күріш крахмалының ұнынан жасалады. Кофені ішіп қойғаннан кейін ыдысымен жеп қояды. Ол ыдысқа қант тәттілер қосылған. Ал біздің ыдыста ондай тәттілер жоқ. Яғни адам ағзанына пайдалы.
Күріш ұнын тағам ретінде ғана емес косметология саласында да қолдануға болады екен. Мектеп оқушылары бұл жұмыстарды алдағы уақытта қолға алмақ.