Мәжіліс мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген тұлғаларға кәсіппен айналасуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады.
Жаңа құжатқа сәйкес, коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет атқаратындар бизнес жүргізе алады. Оның ішінде мектеп директорлары мен аурухана басшылары да бар. Алайда, оның кәсібі негізгі міндетін атқаруға кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі өз саласынан бизнес ашуға тыйым салынады. Бұл сыбайлас жемқорлық жағдайларын ескеріп қабылданған шара. Негізгі талаптарды бұзса, мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылуы мүмкін.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Бірнеше шектеу бар. Конфликт болмау керек. Мемлекеттік мүлікті пайдаланбау керек. Және өзінің атқарып жатқан лауазымына кедергі жасамау керек. Жалпы осындай құқық берілгенімен, осындай шектеулер бар