Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттырып, табысы мен тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған. Себебі, Жолдауда сапалы медициналық қызметке қол жеткізу, жан жақты білім беру, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін көтеру, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу жайы қамтылып отыр. «Ендігі міндет мемлекет басшысы айқындап берген бағыттарға басымдық беріп, жүйелі жүзеге асыру»,- дейді облыстық мәслихат депутаттары.

МАҚСҰТ НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ \Ең басты мәселе 2020 жылды жұмысшы мамандық жылы деп жариялағаны ел дамуына үлкен септігін тигізеді.\

Мемлекет басшысы «Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Сондықтан заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек»,- деді. Өңірде осы мақсатта нәтижелі жұмыс атқарылуда. Мәселен, өткен жылы 224 мың гектер жер қайтарылса, биыл 70 мың гектар аумақ мемлекет меншігіне өтеді.

ГҮЛШАТ МҰСАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ \Биылғы меже 70 мың қазір енді соның 63 мың гектары қайтарылып тұр. Жерімізді мемлекет меншігіне қайтарып нағыз өзінің иелеріне табыстау керек. Жайылымдық жерлердің игілігін халық көру керек. Одан кейін «Ауыл аманаты» жобасы. Ауылды көтермей азық-түлік проблемасын шешу мүмкін емес. Биылғы жылы 4,6 млрд қаржы келіп тұр, 575 жоба ұсынылып тұр. Яғни ауылдағы ағайынға бұл өте икемді механизмдері жасалған жоба \