Аймақтағы жеке футбол мектептерінің арасында өткен біріншілік аяқталды. Бір айға созылған турнирге 20 команда, 320-дан астам спортшы қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жеке футбол мектептерінің арасындағы аяқдоп бәсекесі осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жыл өткен сайын қатысушылар саны артып, жарыстың деңгейі өсіп келеді. Мәселен, биылғы біріншілікте бес жас ерекшелігі бойынша 20 команда қатысты. Нәтижесінде, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында «Хан» командасы жеңімпаз атанса, 2011 жылғы аяқдопшылар арасында «Наман» командасы бірінші орынға ие болды. Ал, үшінші топтың ойынында «КГЕК» командасы чемпион болса, 2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Хан» командасының жігіттері жеңіс тұғырынан көрінді. Үлкен топтар арасында «Наман» командасының тағы бір командасы жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларға арнайы кубок пен медаль табысталды.
ЖАҚСЫЛЫҚ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ \ҚР футбол федерациясының қолдауымен облыстық футбол федерациясы осы турнирді өткіздік. Осындай жарыстардың арқасында балалардың арасында футболды дамыту қарқынды жүріп жатыр. .... \
ӘЛИХАН НАЖИМ, «НАМАН» КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАҚПАШЫСЫ \мен осы жарыста үздік қақпашы болдым. Маған осы жарыс қатты ұнады. Футболға қатысып жүргеніме 1,5 жыл болды, көп жарыстардан орын алдым. Алдағы уақытта тағы жарыстарға қатысу жоспарда бар \